Астаналықтар Отау шағынауданында жылқылар жайылып жүрген видеоны таратып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жылқылардың ауладағы өсімдіктерді қалай жеп жатқанын көрсетіп, видеоға түсірген.
Астана Полиция департаменті жануарлардың иесін анықтады. Оған айыппұл салынып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.
"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 386-бабының талаптарын бұзғаны үшін мал иесіне 30 АЕК (103 500 теңге-шамамен) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды және 408-бабы 2-бөлігі бойынша 10 АЕК (34500 теңге-шамамен) мөлшерінде айыппұл салынды", - деп түсіндірді Астана ПД өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз