- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана көшелерінде жайылып...
Астана көшелерінде жайылып жүрген бір табын жылқы видеоға түсіп қалды
Фото:
видеодан алынған кадр
Астаналықтар Отау шағынауданында жылқылар жайылып жүрген видеоны таратып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жылқылардың ауладағы өсімдіктерді қалай жеп жатқанын көрсетіп, видеоға түсірген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Астана Полиция департаменті жануарлардың иесін анықтады. Оған айыппұл салынып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.
"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 386-бабының талаптарын бұзғаны үшін мал иесіне 30 АЕК (103 500 теңге-шамамен) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды және 408-бабы 2-бөлігі бойынша 10 АЕК (34500 теңге-шамамен) мөлшерінде айыппұл салынды", - деп түсіндірді Астана ПД өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова