Астана – Көкшетау тасжолының жабылуына байланысты пойыздағы 600 жолаушы эвакуацияланып жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шара ауа райының қолайсыздығына байланысты қолға алынған.
"2024 жылғы 12 қазанда "Астана–Көкшетау–Астана" бағыты бойынша жүретін №327/328 және №623/624 пойыздарына 13 қосымша вагон қосылды. Бұл шаралар шамамен 600 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді", – деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ.
Ұлттық тасымалдаушы қолайсыз ауа райы кезінде жолаушылар тасымалын қатаң бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.
"Қазіргі таңда Ұлттық тасымалдаушының қызметкерлері пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етіп жатыр", – делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!