- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Астана кештері" өнер...
"Астана кештері" өнер фестивалі 4-6 маусым аралығында өтеді
"Астана кештері" IV халықаралық өнер фестивалі Астанада 4-6 маусым аралығында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Дегдар" гуманитарлық қорына сілтеме жасап.
Фестиваль "Дегдар" қайырымдылық қорының төрағасы Дариға Назарбаеваның бастамасымен өтеді. 2012-2013 жылдары фестивальді әлемге танымал музыкатанушы Святослав Бэлза жүргізді. Жоба концерттерінің біріне мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келді.
"Фестиваль сахнасында халық, классика және эстрада әншілері өнер көрсетті. Соның ішінде, ресейлік "Кварто" тобы мен Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрі, Айман Мұсаходжаева, Лариса Долина және әзірбайжандық "Мугам" ансамблі бар", - делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылып, билеттер тегін таратылады. Фестиваль ұйымдастырушылары халыққа әлемдік мәдениет шедеврлерін таныстыруды мақсат етіп қойды.
Фестиваль 4 және 5 маусымда "Астана Опера" театрында өтеді. Фестивальдің қорытынды кеші Бейбітшілік және келісім сарайында болады.
М. Бисембаева