Астана - Қарағанды тасжолындағы жөндеу жұмыстарының мерзімі ұзартылды

Астана - Қарағанды тасжолындағы жөндеу жұмыстарының мерзімі ұзартылды
Фото: depositphotos.com

Астана - Қарағанды тасжолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, жұмыстар шілденің аяғына дейін ұзартылған. Осы учаскеде кептелістің алдын алу мақсатында мынадай балама бағыттар бар:

  • көлік айрығынан оңға қарай айналма жолмен Ақжол көшесіне немесе Алаш тасжолына дейін;
  • көлік айрығынан солға қарай айналма жолмен Шерхан Мұртаза көшесіне дейін.

Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Қауіпсіздік және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады", - деді әкімдік өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget