Нысан жаңа технологиялармен жабдықталған, бұл қызмет көрсетуді айтарлықтай жақсартып, авиациялық қауіпсіздікті арттырады.
Аталған нысан құрылысын 2017 жылдың бірінші тоқсанының соңында аяқтау жоспарланған.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Астана қаласындағы халықаралық әуежайдың құрылыс жұмыстарын тексеріп, жаңа терминалды салу және ұшу-қону жолағын қайта жөндеу барысымен танысты. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлады.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан нысан елорданың әуе айлағының өткізу қабілетін жылына 3 млн-нан 7,7 млн жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл әсіресе ЭКСПО-2017 қарсаңында өзекті.
Құрылыс кестеге сай жүріп жатыр, әуежайдың жаңа терминалының қаңқасы тұрғызылды, шатыр жұмыстары аяқталды, қасбетті, инженерлік коммуникацияларды монтаждау, ғимаратты ішкі әрлеу, перронды құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.