Астана және бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"14 ақпанда Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балхаш, Теміртау, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер, Астана қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.

Еске салайық, 13 ақпанда да бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!