Астана халықаралық әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметі әуежай аумағында дабыл жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанадан Алматыға КС954 рейсімен ұшқалы тұрған 44 жастағы азамат теркеу кезінде жол жүгінде қару мен есірткі алып бара жатқанын жеткізген.
Әуежай қызметкерлері бірден "қауіпті" жолаушы тұрған аймақты қоршауға алып, Мемлекеттік күзет, Ұлттық қаіпсіздік қызметі, терроризмге қарсы орталыққа жедел хабарланды.
Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі жолаушының қол жүгін тексеріп, жолаушыны желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырды. Жолаушы желілік полиция қызметкерлеріне берген түсініктемесінде қол жүгінде қару мен есірткі барын әзіл ретінде хабарлағанын жеткізген.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің нұсқамасымен Астана халықаралық әуежайында дабыл алынып тасталды.
Аталған оқиға ҚР Қылмыстық Кодексінің 273 бабы, дайындалып жатқан терроризм актісі бойынша жалған ақпарат тарату бойынша 5 000 АЕК (17 миллион теңгеден астам) көлемінде айыппұл төлеуге немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылуға алып келеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!