“Астана“ футболдан Еуропа Конференция лигасын жеңіспен бастады

"Астана" құрамасы футболдан Еуропа Конференция лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық футболшылар Сербияның "Бачка-Тополо" клубымен кездесті. Ойын Алматының Орталық стадионында болды. 

Ойын 1:0 есебімен елордалық команданың пайдасына шешілді. Матчтағы жалғыз голды Кипрас Кажуколовас соқты. 15-минутта соғылған голдан кейін "Астана" құрамасы қорғанысқа ғана мән беріп, ойынның соңына дейін шыдады. 

Айта кетейік, елордалық құрама лига ойындарында әлі бес кездесу өткізуі керек. 24 қазанда сырт алаңда Уэльстің "Нью-Сэйнтс" клубымен, 7 қарашада Кипрдің "Пафос" клубымен, 28 қарашада "Витория Гимарайншпен", ал 12 желтоқсанда "Челсимен" кездеседі. Өз алаңында қабылдайды. Соңғы ойынын Бабаян шәкірттері кипрлік өзге клуб АПОЭЛ-мен сырт алаңда ойнайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!