Мәжіліс кулуарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов отандық спорттағы легионерлерге бөлінген қаражат есебін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астана" футбол клубына шамамен 50 миллиард теңге бөлінген, оның 60-70%-ы 2–3 маусым ойнаған шетелдік легионерлердің жалақыларына жұмсалған. "Барыс" хоккей клубына шамамен 49 миллиард теңге бөлінген, оның көп бөлігі де шетелдік спортшылардың жалақыларына кеткен", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов.
Ол көптеген легионерлердің командаларды бұрын тастап кеткенін және клубтардың рейтингтері төмендегенін қосты.
"Қаржыны тиімді жұмсау қажет. Мәселен, спорттық инфрақұрылымды дамытуға және балалар мен жастардың спортпен айналысуына жағдай жасауға инвестиция салуға болар еді. Себебі дәл осы жас ұрпақтан болашақта кәсіби футболшылар, хоккейшілер және басқа да спортшылар шығып, елімізді жоғары деңгейде танытатын болады", - деді Ұлан Сарқұлов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!