EXPO-2017 аясында 50 қоғамдық тамақтану мекемелерін іріктеу бойынша байқау жарияланады. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу аясында 50-ге жуық бағасы мен форматы жағынан түрлі қоғамдық тамақтану орындары жайғасады. Шетелдік қонақтардың көптеп келетіндігін ескере отырып, Қазақстанда тұратын түрлі елдің ас-дәмін ұсыну мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ халықаралық қатысушы мемлекеттердің 30-ға жуық ресторандары жұмыс істейтін болады.
«Көрме аумағында әртүрлі әлеуметтік топ өкілдері, қаржылық деңгейі әртүрлі болатындықтан кафе, бар, кофейня, отбасылық ресторандар және т.б.» - деді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Коммерциализациялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.
Ағымдағы жылдың қазанында «ЭКСПО-2017» өткізу барысында көрме кешенінің аумағында қоғамдық тамақтану операторларын іріктеу бойынша байұау жарияланатын болады. Жақын арада ұлттық компанияның ресми сайтында іріктеу критерийлерін орналастырылады. EXPO-2017 көрмесінің ұйымдастырушылары өкілдерінен құралған байқау комиссиясы байқау қорытындыларын шығарады.
Бұл ресми байқау қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істеп жүрген шағын және орта бизнес өкілдеріне тек қосымша пайда табу көзі ғана емес «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мега-жобасында ауқымды тәжірибе жинау үшін үлкен мүмкіндік.
Дереккөз: 24.kz