Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ кеңсесінде Қазақстан мен Ресейдің ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы қарсаңында ұлттық компания Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Ресей Федерациясындағы бірнеше облыс губернаторларымен кездесті, деп хабарлайды expo2017astana.com.
«Ресейдің 14 өңірімен, оның ішінде 12 шекаралас облыстар, 34 млн. астам тұрғыны бар Татарстан Республикасы Свердловск облысынан көрмені тамашалауға көптеген туристер келеді деп отырмыз. Бүгінгі меморандумға қол қою Ресей Федерациясының өңірлерімен ынтымақтастықты нығайтып, Ресейден ЭКСПО-ға келушілер санын арттыруға ықпал етеді деген үміттеміз» - деді өз сөзінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов.
Меморандум аясындағы негізгі мақсат – туристік қызметтің инфрақұрылымын дамыту, ЭКСПО-2017 көрмесіне Ресей Федерациясы облыстарынан келушілерді тарту, баламалы энергия көздерін пайдалану, «жасыл» технология және т.б. саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту мен зерттеу.
«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі тақырыбының өзектілігін ескере отырып, ең алдымен өз пікірі бар, болашақ технологиясына, баламалы энергияны пайдалану бағытына қызығушылық танытып жүрген жандар келеді. Астрахань облысы – желі мен күні мол өңір. Сондықтан да біз үшін, әсіресе бизнес пен кәсіби сала мамандарына бұл өте қызықты. Турист ағымына қатысты, біз Астананы, ЭКСПО-2017 көргіміз келеді. Қазіргі таңда логистика мәселесін мейлінше тиімді ету үшін турагенттіктермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жатырмыз.
Басқосу барысында РФ бірқатар облысының губернаторларымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.