Астана Білім басқармасы бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеген жеті жасар оқушы қызды оқиғасына қатысты пікір білдірді. Ол оқушының үйіндегі ұрып-соғулар туралы мәлімдеген болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 23 қарашада №37 орта мектепте сабаққа келген оқушыларының бірінің қолы мен бетінде соққы белгілері болған. Мұғаліммен бірден №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Қызға қажетті медициналық көмек көрсетілген. Оқиға туралы құқық қорғау органдарына хабарланғаны айтылды.
Оқушының айтуынша, оны жақын туыстары бірнеше рет ұрып-соққан. Басқаларға бұл туралы айтуға қорыққан. Ол үйге қайтқысы келмейді. Жағдай Білім басқармасының бақылауына алынды. Отбасында жеті бала бар.
Еске салайық, бұған дейін Астанада жеті жасар қыз үйіндегі үнемі ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түскені хабарланған болатын. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-парақшасында мәлім етті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!