- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана балалар ауруханасының...
Астана балалар ауруханасының реанимациясында аппарат өртенді
Фото:
depositphotos.com
Өрт сөндірушілер Астана балалар ауруханасында өртеніп жатқан Инфузоматты өшірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
"Бүгін түнде Астана қаласының балалардың жұқпалы аурулар ауруханасының екінші қабатында инфузиялық сорғы аппаратының электрлік сымдарының қысқаша тұйықталуы орын алды", - деп хабарлады ТЖМ.
Құтқарушылар ауруханаға келді.
Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынды.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Тағы да оқи отырыңыздар: Дүкен ашу үшін қандай құжаттар керек?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә