• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Астана әуежайының меншік иесі ауысты

Астана әуежайының меншік иесі ауысты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, сенімгерлік басқару шартының мерзімі аяқталған.

"Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті. 2025 жылғы 7 қаңтарда мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылғы 7 қарашадан басталған", - делінген хабарламада.

Елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен Terminals Astana Airport Management ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр.

Еске салайық, 2023 жылғы қарашада Астана әуежайы БАӘ компаниясының басқаруына өткен еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget