Бұқаралық ақпарат құралдарында әуежай қызметкерінің бірі жұмыс орнында қайтыс болғаны туралы хабар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz-ге сілтеме жасап.
Желіде "Астана әуежайында перрон қызметінің жүргізушісі қайтыс болды" деген ақпарат тарап жатыр. Бұған қатысты Астана әуежайының ресми өкілі Тойгүл Жұбанысова түсінік берді.
"2023 жылғы 2 қарашада медициналық орталыққа "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ қызметкерінің жұмыс арнайы көлік салонында ес-түссіз жатқан жүргізуші табылып, перронға шақырту түсті. Дәрігерлер жүргізушінің биологиялық өлімін тіркеді", - деді Тойгүл Жұбанісова.
ҚР ІІМ ТЖД тергеу-жедел тобы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, одан кейін олардың ілесіп жүруімен "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ фельдшерлік-акушерлік пунктінен жедел жәрдем көлігімен жүргізушінің мәйіті Астананың сот-медициналық сараптама орталығына жіберілген.
"Жүргізуші 2023 жылдың қазан айында медициналық тексеруден өткен. Таңертең ауысым алдындағы міндетті медициналық тексеруден өтті, денсаулығына шағымдар болған жоқ. Астана халықаралық әуежайының әкімшілігі қайтыс болған қызметкердің отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады", - деді Тойгүл Жұбанысова.
Астана халықаралық әуежайы марқұмның отбасына барлық тиісті әлеуметтік көмекті көрсетінін хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!