Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылдың 1 мамырынан бастап 24 желтоқсанға дейін жоспарланған жұмыстар аяқталды және әуежай 2024 жылдың 5 қазанынан бастап UTC 01:00-де ұшу-қону жолағындағы операцияларды штаттық режимде жалғастырады", – деді әуежай өкілдері.
Астана әуежайы енді тәулік бойы жұмыс істейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!