Астана әуежайында шетелдік ұсталды

Астана халықаралық әуежайында жалған төлқұжатпен өтпек болған шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

12 қазанда ҰҚК Шекара қызметі Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұстады.

Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.

2024 жылдың басынан бері шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін жойды.

ҰҚК-нің Шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!