- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана әуежайында коллекциялық...
Астана әуежайында коллекциялық монеталарды заңсыз тасымалдаған екі азамат ұсталды
Астана әуежайында коллекциялық монеталарды заңсыз тасымалдаған екі азамат ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылғы 7 қазанда Астана қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері прокуратура және әуежайды тексеру қызметімен бірлесіп, декларацияланбаған коллекциялық монеталарды алып жүрді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын ұстады.
Алдын ала деректер бойынша номиналы 100 және 50 мың теңге, сондай-ақ салмағы 2 және 1 кг монеталар тиісінше 999 сынамалы алтыннан жасалған.
Тәркіленген заттың алдын ала кедендік құны шамамен 85 млн теңгені құрайды.
Құқық бұзушылар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құзыретті органдарға берілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан