Астана әуежайында қару-жарақ тапсыратын жәшік пайда болды

Астана әуежайында қару-жарақ тапсыратын жәшік пайда болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Кейінгі кезде жолаушылар арасында кастет, пышақ, таяқша және басқа да суық қаруды анықтау деректері жиілеп кеткен. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кейінгі 5 жылда осындай деректер бойынша 92 адам сотталған.

"Астана қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы мен Астана қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізіп жатыр. Елорда әуежайы аумағында суық қаруды өз еркімен тапсыру үшін арнайы жәшік орнатылды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 287-бабына сәйкес суық қаруды өз еркімен тапсырған адамның әрекетінде өзге қылмыс белгілері болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

"Бүгінде жолаушылар суық қаруды өз еркімен тапсырып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget