Астанада әуежайы жолаушыларды жаппай эвакуациялау туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та тараған "өрт қаупіне байланысты шұғыл эвакуация жасау" туралы хабар шындыққа сәйкес келмейді. Нақтысында әуежай ғимаратында жоспарлы оқу-жаттығу шарасы өткен.
Оқу-жаттығу барысында хабарлау жүйесінің жұмысы тексеріліп, қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталған. Жолаушылар мен келушілер бұл туралы алдын ала дауыс зорайтқыш арқылы ескертілген.
Әуежай өкілдері ешқандай төтенше жағдай, өрт немесе қауіп тіркелмегенін атап өтті. Қазір әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, барлық рейс кестеге сәйкес орындалып жатыр.
Баспасөз қызметі жолаушыларды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуге шақырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!