- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана әуежайында жолаушыдан...
Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі анықталғаны рас па?
Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі анықталғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желілерде таралған Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі анықталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және жалған. Теріс жарияланымдарда маймыл шешегінің елге енуіне қарсы дайындық бойынша өткізілген ведомствоаралық оқу-жаттығу барысында түсірілген бейнематериал қолданылған.
ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда маймыл шешегі ауруының бірде-бір жағдайы тіркелмегенін, сондай-ақ сырттан әкелінген жұқпалы жағдайлардың тіркелмегендігін хабарлайды", - делінген хабарламада.
Маймыл шешегінің елімізге енуінің алдын алу мақсатында өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді.
Жалған ақпарат таратқан адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.
"Әлеуметтік желі қолданушыларын және барлық азаматтарды тек ресми дереккөздерден алынған сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз", - дейді комитет өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина