Астана әуежайынан жолаушылар эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
6 тамызда таңғы уақытта Астана әуежайына жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабардың келіп түскені белгілі болды. Осыған байланысты барлық жолаушы эвакуацияланды.
Қазіргі уақытта жарылғыш зат қойылды делінген мәлімет тексеріліп жатыр, оқиға орнында жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Air Astana әуе компаниясы әлеуметтік желілердегі өз аккаунттарында елордадағы әуежайдың кейбір рейстері қауіпсіздік мақсатында кейінге қалдырылатыны жайлы хабарлады.