Астана әуежайына шұғыл қонған швейцариялық ұшақтың жолаушысы жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 52 жастағы Жапония азаматы жансақтау бөліміне жатқызылды.
117 тамызда жедел жәрдем қызметі жедел ми қан айналымы бұзылған (инсульт) ер адам әуежайдан №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Оның қазіргі жағдайы ауыр", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін швейцариялық ұшақ Астанаға шұғыл қонғаннан кейін елорда әуежайындағы рейстер тоқтатылған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!