Астана аспанындағы нысан қала тұрғындарының арасында сұрақ туғызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде 18 қаңтарда аспанда ерекше нысан байқалған видео пайда болды.
Кейбір Желі қолданушылары бұл Байқоңырдан ұшырылған зымыран болуы мүмкін деген болжам жасады. Алайда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері ғарыш айлағынан ештеңе ұшпағанын хабарлады.
Азаматтық авиация комитеті өкілдері сол сәтте Астананың аспанынан Boeing 777 ұшағы ұшып өткенін хабарлады.
"2023 жылғы 18 қаңтарда таңғы сағат 9 шамасында China Southern Cargo Airlines әуе компаниясының Boeing 777 ұшағы Чунцин-Франкфурт бағыты бойынша 32 000 фут (9 750 метр) биіктікте тұрақты рейсін орындап, Астана үстінен ұшып өтті. Ұшақ видеодан көрінді", - деп түсіндірді ААК баспасөз қызметі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!