"Қазақстан аруы" ұлттық конкурсының дирекциясы "Дүниежүзі аруы-2015" конкурсында жеңімпаз болған аруларды Қазақстан атынан шығару туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлемдік аренада ел абыройын "Астана аруы-2013" Айгерім Смағұлова қорғайды. 2015 жылы "Дүние жүзі аруы-2015" конкурсының финалы АҚШ-та 20 желтоқсанда өтеді.
21 жастағы Айгерім Смағұлова "Астана аруы-2013" титулының иегері. 2013 жылы ол "Қазақстан аруы" байқауында елорданың атынан шығып, ТОП-7 қатарына кірген еді. Сонымен қатар, халықаралық конкурстарға қатысып, "Азия аруы" және "Top Model" титулдарын жеңіп алды. Айгерім Еуразия Ұлттық университетінде оқиды. Бос уақытында үлкен тенниспен айналысады, домбырада және фортепианода ойнайды және кітап оқиды.