"Астана Арена" маңындағы екі даңғылда көлік қозғалысы уақытша шектеледі

"Астана Арена" маңындағы екі даңғылда көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Фото: Tengrinews.kz

Астана rөлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы "Астана Арена" стадионының ауданында Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жергілікті жол жүрісіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осыған байланысты 16-19 шілдесінде жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Бұл ретте Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары ашық болады, автокөліктер іргелес көшелер арқылы жүре алады.

"Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан