"Астана" командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасы өткен жылы ойындарын Алматыда өткізді. "Астана Аренада" өзге іс-шаралар ұйымдастырылып, кейіннен қайта жөндеу үшін жабылды. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталып, халықаралық матчтарға қабылдауға мүмкіндік алды, - деп жазады massaget.kz.
Құрылыс жұмыстарының аяқталып, халықаралық ойындарды өткізуге рұқсат алғаны жайлы елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Қаналимов хабарлады.
"Астана Арена" стадионы реконструкциядан кейін халықаралық матчтарды өткізуге дайын. Қазіргі таңда UEFA талаптары мен ұсыныстарын ескере отырып, барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, ескі жабындылар, алаңды жылыту және суару жүйелері толығымен ауыстырылып, сондай-ақ жасанды газон жаңартылды. Өткен жылдың желтоқсан айында футбол алаңы UEFA стандарттарына сәйкес сертификаттаудан өтіп, халықаралық сертификатқа ие болды, - деп жазды.
Сонымен қатар "Қазақстан" спорт сарайын да қайта жаңғырту жұмыстары басталғанын мәлім етті.