Астана, Алматы және басқа қалаларда кезекші ХҚКО-лардың мекенжайы өзгерді

Астана, Алматы және басқа қалаларда кезекші ХҚКО-лардың мекенжайы өзгерді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астана мен Алматы және Қазақстанның басқа қалаларында кезекші қызмет көрсететін ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайы өзгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкіметтің" ресми Telegram-арнасы хабарлады.

"2 қыркүйектен бастап Астана, Алматы, Шымкент және Семей қалаларындағы кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары ауысады. Өзгерген мекенжайларды кестеден көре аласыз", - делінген хабарламада.

@gov4c_resmi

Кезекші ХҚКО дүйсенбі - жұма аралығында 20:00-ге дейін, сенбіде 13:00-ге дейін, кезекші мамандандырылған ХҚКО жұмыс күндері сағат 9:00-18:00-ге аралығында, сенбі күні 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайтыны айтылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан