Жыл басындағы мәліметтер бойынша Астана аумағында рұқсат құжаттары жоқ 90 нысанның құрылысы жүргізілген. Оның ішінде 44 компания құрылысқа қажетті барлық рұқсат құжаттарын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда 90 нысанның 44-і құрылыс салуға қажетті барлық рұқсат құжатын алды. Олардың қатарында Nagoya ЖШС, Tuman Group компаниялар тобы, GALAMAT компаниялар тобы, G-Park құрылыс компаниясы, Granite ЖШС бар.
Қалған 46 құрылыс нысаны бойынша ескертулер жойылып, барлық рұқсат құжаттарын алу рәсімі жүзеге асырылады.
Айта кету керек, 2023 жылы Астананың орта сапасы және бақылау басқармасы қаланың Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұруға және бұзуға 63 талап арыз жолдаған, оның ішінде:
Сондай-ақ, қалада "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заңының талаптарын сақтау бойынша бірқатар проблемалық мәселелер бар.
Сонымен қатар қала тұрғындарын ақпараттандыру және Заңның бұзылуына жол бермеу үшін әкімдіктің ресми ресурстарында және БАҚ-та үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың "қара тізімі" жүйелі түрде жарияланады.
Құрылыс компаниялары үлескерлердің ақшалай қаражатын келесі жағдайларда ғана тарта алады:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!