Астана әкімі көпбалалы отбасылар мен жетімдерге қашан баспана берілетінін айтты

Астана әкімі көпбалалы отбасылар мен жетімдерге қашан баспана берілетінін айтты
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек баспана кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар мен жетімдерге қашан пәтер берілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Биыл жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар бойынша біз азаматтардың әртүрлі санаты үшін 5200 пәтер беру туралы міндет қойдық. Оның ішінде жетім балалар, көпбалалы аналар, әлеуметтік осал азаматтар, сонымен қатар жұмыс істейтін жастар бар", - деді қала әкімі ОКҚ-де өткен баспасөз қызметінде.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қазір құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

"2024 жылғы қаңтарда баспана кезегінде тұрғандар осы үйлерді алады деп жоспарланып отыр", - деді ол.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz