Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Щучье көлінде батып бара жатқан баланы аман алып қалу үшін өз өмірін қиған педагог Александр Руденконың отбасына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкім Президент атынан оның отбасына ІІ дәрежелі "Айбын" орденін табыс етті.
"Александр Ивановичтің отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Александр Иванович ұлағатты ұстаз, өз ісінің білікті маманы еді, елордадағы №32 мектеп-гимназиясында еңбек етті. Ол – біздің қаһарманымыз, оның сын сәттегі батылдығы мен жанқиярлық ерлігі мәңгілік есімізде сақталады", - деп жазды Астана әкімі Instagram-дағы парақшасында.
Еске салайық, Щучинскіде 65 жастағы мектеп мұғалімі суға батып бара жатқан баланы құтқарамын деп, қаза тапты. Ер адам баланы аман алып қалған, бірақ өзін құтқара алмады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!