Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шенеунік дауысын Оқушылар сарайында орналасқан учаскелердің бірінде берді.
Қала әкімдігінің мәліметінше, елордада таңғы сағат 07:00-де референдум өткізу үшін 501 учаске жұмысын бастады. Оның ішінде 395 ашық учаске және 106 уақытша орналасқан учаске бар. Таңертеңнен бастап учаскелерде қала тұрғындарының белсенділігі байқалып отыр.
Бұған дейін Астанада премьер-министр Олжас Бектенов те дауыс берген болатын. Үкімет басшысы №66 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-лицейде өз таңдауын жасады.
Орталық референдум комиссиясында дауыс берудің басталғаны туралы мәлімдеді.
Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар жабылғаннан кейін бюллетеньдер саналады. Кейбір учаскелер (негізінен әскери бөлімдерде) сағат 06:00-де ертерек ашылды. Шетелде дауыс беру Жапония мен Оңтүстік Кореяда жергілікті уақыт бойынша жүргізіліп жатыр.
Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады.
Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді.
Дауыс беру құқығына 18 жасқа толған және сайлаушылар тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтары ие.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz