Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек кеше көшеде болған су тасқыны үшін астаналықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада 24 тамызда кешке жауған жаңбыр көшелерді басып, салдарынан көлік кептелісіне пайда болды. 43-автобустың жолаушылары да әбден әбігерге түскен. Олар салонға кірген судан қашып, аяқтарымен орындықтарға шығарып алуға мәжбүр болған.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек журналистерге қазіргі жағдайға байланысты өзі де жайсыз екенін айтты.
"Жыл бойы бір-екі рет жауын жауады. Мұндай жағдайлар шынымен де болып тұрады. Мен өзім ыңғайсызданып жүрмін, қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұраймын. Біз мұнымен тыңғылықты айналысып жатырмыз. Мәселелер бар. Онымен жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол тамыз конференциясы аясында.
Әкім Астанада шынымен де мәселелі аймақтар бар екенін, бірақ жауын-шашын мөлшері 40 миллиметрден аса болғанын, ал айлық норма 32 миллиметр болатынын мойындады.
"Қаланың жаңа бөлігінде жарты сағат бойы жаңбыр жауды. Расында да, мәселелі аймақтар бар. Ешкім жоққа шығармайды. Осыдан бес жыл бұрын мұндай учаскелер саны 200-ден асв болған. Қазір - 30. Биыл жұмыс жүргізіледі. Кеше Ұлы даланың бойында Тұран бағытында қиындықтар болды. Жаңа құрылыс жүріп жатыр. Осы күзде бұл учаскенің барлығын жабамыз деп кепілдік бере алмаймын. Алматы облысында да жаңбыр жауды, бірақ бұрын Қалдаяқов, Момышұлы учаскесінде үнемі қиындықтар болды, бірақ бұл жолы ойағыдай өтті", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Астанада тұрғындар су басқан көшелерді видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісіп жатқанын хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!