Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданы тұрғындарымен кездесу барысында елордадағы LRT құрылысының қашан аяқталатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Биыл біз үш станцияны аяқтауды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ эстакадалық бөліктің 95 пайызы жыл соңына дейін аяқталады. Келесі жылы жұмыстар негізінен жолдың жоғарғы құрылымымен байланысты болады. Бұл рельстер, сигнализация, басқа да қауіпсіздік жүйелері және қалған 15 станцияны жабдықтау. Биылғы және келесі жыл – бұл нысанның құрылысын аяқтау кезеңі", – деді ол.
Бұған дейін LRT тіректерін салу жұмыстары 100% аяқталғаны хабарланған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз