Астана студенттерге қатысты бірқатар айласын жасаған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
21 жастағы жігіт Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 40-тан астам студенттің ноутбуктарын алып, алдап соққан.
Күдікті уақытша пайдаланамын деген желеумен достарынан ноутбук алуды әдетке айналдырған болып шықты. Сөйтіп жігіт аптасына 20-30 мың теңге көлемінде сыйақымен жабдықты жалға алуды жалғастыра берген.
Пайдалы жалға алушы туралы қауесет студенттер арасында тез таралып, олар еш ойланбастан алаяққа қымбат құрал-жабдықтарын беріп отырған.
Жігіт болса барлық ноутбуктарды ломбардтарға сатып, түскен ақшасын интернеттегі ойынға бәс тігуге қойып ұтылып қалғаны белгілі болған.
Қазір Алматы аудандық полицейлер елордадағы ломбардтардан ұрланған ноутбуктердің басым бөлігін тәркіледі.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жас жігіт кінәсін мойындап, қамауға алынды. Полицейлер оның елордадағы осындай алаяқтық істеріне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Полиция департаменті азаматтарға бұл қылмыс үшін Қылмыстық кодекс бабының санкциясында мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!