- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аспаздың көмекшісі: Талдықорғанда...
Аспаздың көмекшісі: Талдықорғанда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Талдықорған полициясы мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Қылмыстық кодекске сәйкес иемдену немесе жымқыру арқылы ұрлық жасады деген айыппен өз елінде іздеуде жүрген 20 жастағы ер адам екені анықталды.
Соттан жалтарған азаматқа 2023 жылғы 29 желтоқсанда Ташкент облысының бас ішкі істер басқармасы іздеу жариялаған. Осыдан кейін Өзбекстаннан кетіп, Қазақстанға келген, Шымкентте жасырынып, наубайшы болып жұмыс істеген. Алайда көп ұзамай, осы жылы ол Талдықорғанға көшіп келіп, аспаздың көмекшісі болып жұмысқа орналасқан.
Жедел деректер бойынша іздеуде жүрген адам Талдықорғанда ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оны Өзбекстанға экстрадициялау туралы мәселе қаралуда, онда ол сот алдында жауап береді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан