Аспаз Атыраудағы жағалау бекіту жұмысындағы азаматтарды тегін тамақтандырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде "Бас аспаз" атауымен танымал атыраулық Бағдат Қадыров облыстағы жаға бекіту жұмыстары кезінде өз өнерімен ерекше көзге түсті. Ол бөгет көтеру жұмыстары жүріп жатырған аймақтарға барып, азаматтарға түскі және кешкі ас дайындап отырды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Ол Атырау қаласындағы Еркінқала, Дамба, Чехов, Талғайран ықшам аудандары мен Махамбет ауданының Талдыкөл ауылында аспаздық етті. Ал барлық қаражатты өз есебінен шығарып отырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!