"Аспанда да, жерде де, өзенде де, көлде де маза жоқ". Ерке Есмахан танымал болудың қиындығын айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан жүрген жерінде хит болып, әлеуметтік желіде таралып кететін сурет, видеолары туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ақтарылып жазды. 

"Аспанда да, жерде де. Өзенде де, көлде де маза жоқ. Не мынау енді?", - деген ол WhatsApp-тан келген видеоларды жариялады. 

Ерке Есмаханға келген хабарламада "мынау аспанда, мынау жерде. Тиктокта ректен түспейсіздер, әйтеуір" деп жазған видеоны жолдаған қолданушы. 

Ал Ерке Есмахан болса оған әзілдеп: "Менің қатысым жоқ, мен үйде сериал қарап жатқан адаммын", - деп жауап жазыпты. 

Араға біраз уақыт салып Ерке Есмахан оқырмандарынан келген видеоларға түсініктеме беріп өтті. 

Аспандағы видеоның астына "Антальядан кеп жатқан сәтіміз. Қолымда Төтенай бар, билеп кетіп бара жатырмыз ғой. Ұнайды осы видео маған", - деп пікір қалдырса, жердегі видеосына: "Ал мынау кеше Төтенайға автокресло алуға бара жатқан сәт", - деп жазған әнші. 

Еске сала кетейік, кеше ғана Ерке Есмахан желкесінен жасырынып жүріп видео түсіретіндерді сынап тастаған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!