Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы болып қайта тағайындалды

Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы болып қайта тағайындалды
Фото: sud.kz

Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Асламбек Мерғалиев туралы не белгілі?

Ол 1972 жылы дүниеге келген. Ыстамбұл мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Бұған дейін мынадай қызметтер атқарған: 

  • 1998-1999 жж. - ЖШС заңгері.
  • 1999-2001 жж. - Павлодар облысы Әділет басқармасының бас маманы.
  • 2001-2003 жж. - Павлодар облыстық сотының бас маманы.
  • 2003-2007 жж. - Павлодар қалалық сотының судьясы.
  • 2007-2008 жж. - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.
  • 2008-2012 жж. - Екібастұз қалалық сотының төрағасы.
  • 2012-2014 жж. - Павлодар қаласы №2 сотының төрағасы.
  • 2014-2015 жж. - Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы.
  • 2016-2021 жж. - Қостанай облыстық сотының төрағасы.
  • 2021-2022 жж. - Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.
  • 2022 жылы 8 желтоқсаннан бастап - Жоғарғы сот төрағасы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget