- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әскери сот Дәулет...
Әскери сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты мәлімдеме жасады
Алматы гарнизонының әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Болат Тұрлыхановқа қатысты видеоға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы гарнизонының Әскери соты Нұрасыл Болатқа қатысты іс бойынша сот актісі оның тіркелген жері бойынша Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесінің департаментіне уақытылы орындау үшін жолданған.
"Астана қаласы Байқоңыр ауданы бойынша Пробация қызметінің хатымен сотталушының мекен-жайы үкімдегі мекен-жаймен сәйкес келмеуіне байланысты материал орындалмай қайтарылған. Сот сотталушының нақты тұрғылықты жерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізді. Себебі, оның деректерін сұраған кезде екі қалада орналасқан екі мекенжайы көрсетілген. Қазір іс бойынша сот актісі сотталғанның Алматы және Астана қалаларындағы тұрақты және уақытша тіркеу орындары бойынша пробация қызметіне жіберілді", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстандық заңгер Анна Чернова әлеуметтік желіде бостандығын шектеуге үкім шығарылған Нұрасыл Болаттың түнде Алматыдағы көшеде достарымен бірге жүргені көрсетілген видео жариялады.
"Таң атпастан видео келді. Видеодағы депутат Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың бас бостандығы шектелген және оған міндеттер жүктелген, бірақ видеодан оны сақтамай жүргені көрінеді. Видео шамамен таңғы 3-те салынған, 23.00-де ол үйде болуы керек. Сонымен қатар, оның тіркелген жері, пробация да Астана қаласында, ал видео түнде Алматы қаласында түсірілгені айтылды. Қаншама заңбұзушылық?! ҚАЖК-ға біраз сауалым бар", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды. Бұл оқиға туралы заңгер Анна Чернова жазды.
Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.
Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина