- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әскери прокуратура кәмелетке...
Әскери прокуратура кәмелетке толмаған мүгедек балалардың құқығын қорғады
Әскери прокуратура кәмелетке толмаған мүгедек балалардың құқығын қорғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аягөз, Сарыөзек, Гвардия гарнизондарының жабық және оқшауланған әскери қалашықтарында әскери қызметші ата-аналарымен бірге әртүрлі ауруларға байланысты мүгедектігі бар 74 бала тұрады, алайда онда оларға медициналық-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық қызметтері, әлеуметтік-білім беру және оңалту мекемелері жоқ.
Оның үстіне мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған әскери отбасылар заңда көзделген қосымша тұрғын шаршы метрімен қамтамасыз етілмеген.
Олардың құқықтарын қорғау мақсатында Қорғаныс министрлігіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізілді.
Әскери ведомство прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған әскери қызметшілерді қажетті жағдайлары бар облыс орталықтарына ротациялау мәселесін қарастыруда.
Сонымен қатар, Аягөз гарнизонында мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған үш отбасына тиісті көлемі бар пәтерлер берілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина