Астанадағы Темірбек Жүргенов көшесінде тұрған көліктің жүргізушісі аға сержант Мейрамбек Ысқақовтың батыл әрекетінің арқасында аман қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылғы 3 желтоқсанда кешкі уақытта Мейрамбек Ысқақов дүкенге шыққан. Жанып жатқан автокөлікті көрген әскери қызметші оқиға туралы төтенше жағдайлар департаментінің 101 орталығына шұғыл хабарлаған.
Дереу қимылдаған әскери қызметші жанып жатқан көліктің ішінде адам бар екенін аңғарып, оны қауіпсіз жерге алып шығады.
Бұл уақытта ер адам есінен танып қалады. Мейрамбек алғашқы медициналық көмек көрсетіп, тұрғынды оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Жүргізуші № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Әскери қызметшінің әрекетіне өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі де атсалысыпты.
Мейрамбек Ысқақов взвод сержанты – 68665 әскери бөлімінің жауынгерлік және дене шынықтыру нұсқаушысы. Жұбайы екеуі Сәмира және Лунара есімді қыздар тәрбиелеп, өсіріп отыр.
Жоғары қолбасшылық әскери қызметшіні марапатқа ұсынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!