ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Сарыөзек бөліміне белгісіз әскери қызметшілерге травматикалық тапанша мен оның оқ-дәрілерін сату жоспарланғаны туралы жедел ақпарат келіп түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімшенің взвод командирі 20 патроны бар травматикалық тапаншаны 400 мың теңгеге сатпақшы болғаны анықталды.
Kaspi.kz арқылы әскери қызметші 350 мың теңге алдын ала төлем алған. Ал 25 наурызда сағат 22:00-де Алматы-1 вокзалы жанындағы кафеде қалған 50 мың теңгені қолма-қол ақшаны алып тұрғанда ұсталған.
Қазір бірқатар сот сараптамалары тағайындалған, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қарудың шығу тегі анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!