- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әскери кафедра мен...
Әскери кафедра мен университетке түсіріп беруге уәде берген 21 жастағы алаяқ әшкере болды
Әскери кафедра мен университетке түсіріп беруге уәде берген 21 жастағы алаяқ әшкере болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматылықтар жоғары оқу орындарына және әскери кафедраға түскісі келіп, алаяқтыққа тап болды.
"Бұл жолы бөлімшенің криминалдық полиция қызметкерлері 2002 жылы туған К.-ні ұстады. Ол алдау мен сенімге кіру арқылы баюдың күрделі схемасын ойлап тауып, қала тұрғындарының ақшасын иемденді. Қаскөй талапкерлер мен олардың ата-анасынан алдын ала ақша алып, жоғары оқу орындарына түсу кезінде оларға кез келген көмек көрсете алатынына сендірді. Бірақ аванс алып, жасырынып жүрді. Алдын ала нұсқа бойынша күдікті 5 миллион теңгеден аса ақша алған", - дейді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.
Қазір Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі бойынша тоғыз ұқсас оқиға тексеріліп жатыр, күдіктіге уақытша ұстау изоляторына қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова