- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әскерге шақырылғандарға қосымша тексерулер қосылған
Әскерге шақырылғандар қандай тексерулерден өтеді? ДСМ өзгерістер туралы айтты
Денсаулық сақтау министрлігі әскерге шақырылғандарды тексеруге қатысты өзгерістер туралы хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның Тengrinews.kz сұрауына берген жауапқа сәйкес кейінгі жылдары әскерге шақырылғандарды міндетті тексеру көлеміне қосымша тексерулер қосылған: эхокардиография, іш қуысын ультрадыбыстық зерттеу, бүйректі ультрадыбыстық зерттеу.
Осылайша, әскерге шақырылғандар мына міндетті тексерулерден өтеді:
- жалпы қан анализі;
- зәр анализі;
- кеуде мүшелерін флюорографиялық зерттеу;
- электрокардиографиялық зерттеулер;
- мерезге (сифилис) микропреципитация зерттеулері реакциясын талдау;
- бүйректі ультрадыбыстық зерттеу;
- бауыр, көкбауыр, ұйқы безін ультрадыбыстық зерттеу;
- АИТВ (ЖИТС) инфекциясына қан анализі.
"Бұдан басқа медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша тексеру қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетіледі", - деп толықтырды Денсаулық сақтау министрлігі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан