Әскердегі өлім неден болады? Қорғаныс министрлігі сараптама жасады

Әскердегі өлім неден болады? Қорғаныс министрлігі сараптама жасады
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов әскердегі өлім-жітімнің себебін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз әскер қоғамның бөлшегі екенін бірнеше рет айттық. Қоғамда не болып жатса ол әскерде де бар. Жасөспірімдердің өліміне жол берілмейді, бұған біз де келісеміз. Өкінішке қарай, мұндай факт бар. Қорғаныс министрлігі арнайы сараптама жасады.

Көбіне өлім денсаулық жағдайына байланысты болады. Екіншіден, ол жол-көлік оқиғалары. Әрине, әскерилердің өзара қақтығысы да болады, біз мұны жоққа шығармаймыз. Оларға қызметтік тексеріс жүргізіледі. Кінәлелер әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді Сұлтан Қамалетдинов ОКҚ-да.

Жасұлан Ордабаев

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz