- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әскердегі домбырашылар флешмоб...
Әскердегі домбырашылар флешмоб ұйымдастырды
Жақында Президент жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі, яғни 1 шілде домбыра күні болып бекітіген еді. Ұлтымыздың символына айналған қос ішекті құдіретті аспабымызды насихаттаудың, ұлықтаудың ең игі жолы осы. Елбасының бастамасымен аталып өткелі жатқан мейрамға Қазақстан бойынша дайындық осыдан бірнеше апта бұрын басталып кеткен. Ұлттық аспабымызды дәріптеу, аталмыш мейрамды тойлау ісіне әскери қызметкерлерде білек сыбана кірісіп кетті.
Астана қаласының маңында орналасқан Үркер кентіндегі Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі Ұлттық домбыра күнін атап өтуді қолдайды. Сол себепті де, бүгін әскери қызметкерлер тарапынан игі бастама жасады. Дәлірек айтсақ, 50-ден астам сарбаз саптық адыммен алға басып домбыраның сұлбасын көрсетті. Қасиетті қара аспапты бейнелеп қана қоймай төгілтіп күй де тартты. Қарауыл ротасы домбыра сұлбасын айнала жүріп "01.07" санын бейнеледі.
Бұл әскери қызметкерлер тарапынан ұтымды ұйымдастырылған флешмоб болатын. Ұлтымыздың құндылығы саналатын қасиетті қара домбыраға деген қызығушылық осындай шаралардан кейін артатыны сөзсіз. Үйлесім тапқан керемет көріністі видеодан қарап көрсеңіз болады.
А. Қажиев