- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әскердегі балаңыз ақша...
Әскердегі балаңыз ақша сұраса бермеңіз – министрдің орынбасары
Қорғаныс министрінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев қазақстандықтарды әскердегі балаларына ақша бермеуге шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, мерзімді әскери қызметшілер ата-анасынан 3-2 мың теңге сұрайтын жағдайлар болады.
"Бірақ оның бәрін сол жердегі офицер немесе сержант алдырып жатыр деп ойлау дұрыс емес деп ойлаймын. Иә, бізде бір жағдай болған. Бір офицер әскериден 3 мың теңге алған. Қазір сол әрекеті үшін офицер тергеу изоляторында отыр. Тергеу біткен соң Қылмыстық кодекс бойынша жауапқа тартылады.
Жалпы әскерлердегі сарбаз ата-анасынан 2-3 мың теңге сұрауына келсек, 18-19 жастағы жігіт дүкеннен заттарды сатып алғысы келеді. Олар әскери бөлімнің жанындағы дүкендерден заттарды сатып ала алады. Міне, осыдан ата-ана біреу баламнан ақша сұрап жатыр деген ой туындайды", - деді Шайх-Хасан Жазықбаев.
Министрдің орынбасары әскердегі сарбаздарға ақша бермеуге шақырды.
"Әрбір мерзімді әскери қызметшінің киімі де, тамағы да бәрі бар. Егер ақша сұрайтын болса, оны беріп керек емес. Өзіне керек заттарды өз жалақысына алады. Егер (ақша) сұрау тағы көбейіп жатса, бәріңізде сол әскери бөлімнің командирлерінің, әскери полицияның телефон нөмірлері бар. Бірден сол жерге хабар беріңіздер", - деді қорғаныс министрінің өкілі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен