“Әскердегі әлімжеттік туралы видео тарады“. Қорғаныс министрлігі не дейді?

“Әскердегі әлімжеттік туралы видео тарады“. Қорғаныс министрлігі не дейді?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желілерде әскери қызметшіге қатысты заңсыз әрекеттер бейнеленген видео тарап жатыр. Қорғаныс министрлігі осы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, бұл видео - "Қырғызфильм" киностудиясы түсірген көркем фильмнің үзіндісі, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ.

"Роликке қазақ тіліндегі дыбыс жасанды интеллектінің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға, тек ресми дереккөзге сенуге шақырамыз", - деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿 ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ (@modgovkz)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget